«QosLike» және «Қалаулым» телебағдарламаларын жабу туралы петиция жарияланды

4182
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Қазақстанда «QosLike» және «Қалаулым» сияқты телебағдарламаларға тыйым салу туралы петиция жарияланды. Бұл туралы Alash.online сайтында жарияланды, деп хабарлайды ”Адырна” ұлттық порталы.

 Мұндай бағдарламалар хайп пен бағдарлама рейтингін арттыру үшін қолдан жасалатын жанжалдардың және басқа да келеңсіз әрекеттердің көріністері жиналған жағымсыз эмоцияларды күшейтеді.

Бұл көріністер қазақ отбасының салауатты қарым-қатынасының нормаларына, адамгершілік пен ұлттық құндылықтарға қайшы келеді. Жобаларда тәрбиелік, тағылымды, мағыналық, отансүйгіштік, адамгершілікті арттыратын, игі, жағымды идеялар, мақсаттар мен құралдар жоқ, — делінген хабарламада.

Петиция авторы мұндай шоулардың Түркиядан шыққанын, бірақ ол жақта тыйым салынғанын айтты. Айта кетейік, бұл петицияны бұған дейін де жүздеген қазақстандық қолдаған.

 

Пікірлер