Түркістан облысының делегациясы Қытайда инвесторлармен кездесті

219
Adyrna.kz Telegram

Түркістан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастауымен, «Түркістан инвест» ұйымдастыруымен облыстық кәсіпкерлер делегацисы Қытайға іс-сапармен келді.

Қытай Халық Республикасына келудегі мақсат Түркістан облысына инвестиция тарту, екі жақты сауда экономикалық ынтымақтастықты арттыру және жергілікті кәсіпкерлермен тәжірибие алмасу.

Делегация алғашқы күні Қытайдың Шандонг провинциясы Личьчин қаласының әкімшілігі және бизнес өкілдерімен кездесіп, жиналысқа қатысты.

Жиналыста Түркістан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқарма басшысының орынбасары Самат Көшкінбай Түркістан облысы делегация құрамын таныстырды. Облыс туралы арнайы дайындалған видеоролик көрсетті.

«Түркістан инвест» басшысы Берік Кенжебаев облыстың инвестициялық мүмкіндіктері бойынша сөз сөйлеп, презентация жасады. Төраға өз сөзінде облысқа инвестиция салудың тиімділігін айтты. Ауыл шаруашылығы, өндіріс, қайта өңдеу салаларында жеткен жетістіктерімен таныстырды.

Түркістан облысы мен Қытай арасындағы тауар айналымы 2022 жылы 134,3 млн АҚШ долларын құрады. Өсім 12,9%-ға артқан.
Оның ішінде экспорт – 83,7 АҚШ доллары, импорт – 50,6 млн.АҚШ долларын құрады.
Соңғы 3 жылда Түркістан облысы мен Қытай арасындағы сауда айналымы 2 есе артқан.
Екі ел арасында экономикалық, инвестициялық жобалар жүзеге асып жатыр.

Түркістандық делегацияның іс-сапары Қытайдағы ірі өндірістік кәсіпорындарындарын аралаумен жалғасады. Алдағы уақытта келіссөздер жүргізіліп, келісімшарттар жасалады.

Пікірлер