Сақтаныңыз! Елімізде А гепатиті мен қызылша ауруы өршіп тұр

1546
Adyrna.kz Telegram
alataunews.kz
alataunews.kz

Елімізде А гепатиті мен қызылша ауруы өршіп тұр, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрінің орынбасары – бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова Тамара Дүйсенованың төрағалығымен өткен жиын барысында баяндады.

Дәрігердің мәлімдеуінше, бүгінде елде А гепатиті мен қызылша ауруының көбеюі алаңдатушылық туғызып отыр. Ауру жұқтырғандардың көбі тиісті вакцина салдырмағандар екен.

Қызылшамен ауру фактісі еліміздің барлық аймағында тіркелсе, жұқтырғандар саны бойынша Шымкент пен Алматы қалалары көштің басында тұр.

"Осы ретте жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында қызылшаға қарсы қосымша жаппай екпе салу науқанына дайындық шараларын қолға алған жөн", - деді Айжан Есмағамбетова.

Пікірлер