БАҚ: Қытай Үрімжі-Алматы жолаушылар автобусын іске қосты

2021
Adyrna.kz Telegram
ашық дереккөзден
ашық дереккөзден

Қытайда Үрімжі мен Алматы бағытындағы жолаушылар автобусы іске қосылды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Синьхуаға сілтеме жасап. 

Екі қаланы байланыстыратын автобус қызметі іске қосылып, мемлекет арасында қатынау жеңілдейді.

Шыңжаң аймақтық көлік басқармасының мәліметі бойынша, ұзындығы 1150 км болатын трансшекаралық маршрут бойынша бір жақты жол шамамен 12 сағатты алады.

"Қытай мен Қазақстан арасындағы жолаушылар тасымалына жәрдемдесу мақсатында шекаралас Қытай өңірі Үрімжіден тағы төрт халықаралық автобус бағытын іске қосады. Бағыттардың бірі Семей қаласы болады", - деп толықтырылған ведомствода.

.

Пікірлер