Әлем чемпионаты: Қазақстан мини-футболдан екінші орын алды

1535
Adyrna.kz Telegram
Фото: Футбол Федерациясынан
Фото: Футбол Федерациясынан

Қазақстан әлем чемпионатында мини-футболдан күміс медаль иеленді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

БАӘ-ның Рас-эль-Хайма қаласында мини-футболдан 2023 жылғы әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Шешуші матчта Қазақстан құрамасы Румынияға есе жіберіп алды.

Румыниялық футболшылар пенальтиде гол салып, 12:11 есебімен жеңіске жетті.

Нәтижесінде Румыния құрамасы жеңіс тұғырынан көрініп, жеңімпаз атанды. Ал қазақстандық футболшылар күміс медальді иеленсе,  үшінші орынды Венгрия алды.

Пікірлер