Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин келесі аптада Қазақстанға сапар шегеді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
"Мәскеу. Кремль. Путин " бағдарламасының үзіндісін журналист Павел Зарубин өзінің Telegram арнасында жариялады.
"Келесі аптада Путин Қазақстанға барады", - делінген хабарламада.
Бұған дейін Тоқаев Франция президенті Эммануэль Макронның Астанаға сапары туралы түсініктеме берген болатын. Оның айтуынша, мұны тарихи оқиға деп атауға болады.