Қазақстан Палестинаға 1 млн доллар гуманитарлық көмек аударды

1476
Adyrna.kz Telegram
Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

Қазақстан Палестинаға 1 млн АҚШ доллар гуманитарлық көмек аударды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Газа секторындағы апатты гуманитарлық жағдайды ескере отырып, Қазақстан Палестина халқына 1 млн АҚШ доллары көлемінде гуманитарлық көмек көрсетуге шешім қабылдаған еді.

Бұл шешімді Түркі мемлекеттері ұйымының оныншы саммиті барысында Қазақстан президенті жариялады. Қазақстан үкіметі бөлген қаражат БҰҰ Таяу Шығыс агенттігіне аударылды. Ұйым Палестина халқына жеті онжылдық бойы төтенше және басқа да көмек көрсететін жұмыстарды ұйымдастырып келеді. Айта кететін жайт, гуманитарлық қызмет еліміздің сыртқы саясатының маңызды бағытының бірі. Бейбіт саясат пен әділдік қағидаттарын ұстанатын Қазақстан әрдайым қиын гуманитарлық жағдайға тап болған мемлекеттерге қолдау көрсетуге ұмтылады, - деді Айбек Смадияров.

Еске сала кетейік, бұған дейін Газа секторында Қазақстанның 76 азаматы бар екенін, ел азаматтары неге келе алмай отырғанын жариялаған едік.

Пікірлер