«Бізге осылар қауіптірек». Заңгер Израиль тауарларына бойкот жариялаған видеоға қатысты үндеу жасады

1307
Adyrna.kz Telegram
фото: Айгүл Орынбектің инстаграм парақшасынан
фото: Айгүл Орынбектің инстаграм парақшасынан

Желіде Израиль тауарларына қарсы бойкот жариялаған видео пайда болды. Видеода «біз коладан бас тартамыз деп» белгісіз біреу дүкендегі тауарларды бүлдірген. Бұл туралы заңгер Айгүл Орынбек инстаграм парақшасында жазды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

«ҚР Бас прокуратурасы, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, ҚР Ішкі істер министрлігі! Мына жігіттің іс әрекеті мен сөздерін саралайтын болсақ,  Қылмыстық кодекстің 174 бабына сай іс ашу керек! Елдің алдында жүрген соң, өзінің эмоциясын  ұстап үйренсін. Халықты неге шақырып отыр? Дағыстандағыдай төңкеріске ме? Бұл жігітті көретін жастар, дүкендерге  шабуылдап кока-кола сөрелерін қиратып, сойқандағанын күтіп отырсыңдар ма? Палестина үшін бәріміздің жүрегіміз ауырып отыр, бірақ халықты құқықбұзушылыққа, тәртіпсіздікке шақырып керегі жоқ! Ал құзырлы органдарда жұмыс істейтіндерге айтарым милары уланғандармен жұмыс істеңдер! Бізге осылар қауіптірек. Жастарға айтарым, мына жігіттің істегенін істеп жүрмеңдер! Қамалып кетесіңдер немесе үлкен соммада айыппұл төлейсіңдер!», - деп жазды заңгер.

 

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер