2 айдан аз уақыт қалды: ІІМ қазақстандықтарға ескерту жасады

1479
Adyrna.kz Telegram
Фото: kolesa.kz
Фото: kolesa.kz

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ІІМ 23 қаңтардан 30 маусымға дейін елімізге 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыруға өтінімдер қабылдады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы ведомство мәліметіне сілтеме жасап.

Елімізге 2022 жылдың 1 қыркүйегінен кейін әкелінген көлік құралдары заңдастыруға жатпайды. Барлығы 237 мыңнан астам шетелдік автокөлік заңдастырылды.

«Бір реттік заңдастыруды ескере отырып, автокөлік иелеріне 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін заңдастыруға берілген өтінімдер 31 желтоқсанға дейін ғана қаралатынын хабарлаймыз. Бүгінде нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгерістер енгізіліп жатыр. Яғни, шетелдік автокөліктерді заңдастыруға екі айдан аз уақыт қалды. Уақыттың шектеулі екенін ескере отырып, біз автокөлік иелерін заңдастыру процесін аяқтауға және көлік құралдарын тіркеуге шақырамыз», – деді ҚР ІІМ ӘПК басқарма бастығының орынбасары Алтынбек Жамалиев.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер