Алматы. Қаңтардан бері 333 мопед оқиғасынан 14 адам қаза тапқан, 335 адам жараланған

1491
Adyrna.kz Telegram

Жергілікті полиция қызметінің мәліметінше, Алматыда жыл басынан бері мопедтердің қатысуымен 333 жол-көлік оқиғасы орын алып, соның салдарынан 14 адам қаза тауып, тағы 355 адам жарақат алған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Бұл туралы мәліметпен Алматы ПД бөлісті. 

"Мопедтерді пайдаланудағы негізгі қауіптердің бірі олардың жылдамдығы мен қуатының артуы болып табылады. Егер мопедтің цилиндрінің көлемі 50 текше сантиметрден және максималды жобалық жылдамдығы сағатына 50 км-ден асатын болса, ол жолда айтарлықтай қауіп төндіреді. Мұндай мопедтер ауыр жол-көлік оқиғаларын тудыруы мүмкін." -Жол қозғалысына қатысушылардың жарақат алуына және тіпті өліміне әкелетін көлік апаттары орын алуы да ғажап емес. Қазіргі уақытта баламалы көлік түрлері жастар арасында танымал болды. Тек ең консервативті бағалаулар бойынша, олардың 50 мыңнан астамы Алматы жолдарында жүреді, сәйкесінше, бұл фактор жалпы жол-көлік оқиғасы деңгейіне кері әсерін тигізуде», - деді Алматы қаласы Полиция департаменті жол көлік оқиғалары бойынша аға инспекторы Дәурен Мырзаханов.

Оның айтуынша, жолдағы қайғылы оқиғалар жалғасуда. Өткен аптада Алматыда адам өліміне әкелген апаттардың бірі болды.

«Мопедтерді пайдалану мәселесі бір күнде шешілмейді, қаламыздың жолдарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мопед иелерінің және жалпы жұртшылықтың күш-жігерінің бірлігі қажет. Бұл үшін әуелі әрбір жолаушыны өз жауапкершілігін түсінуге және азаматтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырамын», - деп түйіндеді сөзін Мырзаханов.

Пікірлер