Алматылық сейсмологтар Қытайдағы бірқатар жер сілкінісін тіркеді

1398
Adyrna.kz Telegram

Алматылық сейсмологтар Қытайдағы бірқатар жер сілкінісін тіркеді. Соның бірін Алматы қаласы мен Алматы облысының тұрғындары сезінді, деп жазады "Адырна" порталы. Бұл туралы СОМЭ сейсмикалық станциялар желісі хабарлайды.

СОМЭ (сейсмология институты) мәліметінше, бүгін, 8 қарашада Алматы уақыты бойынша 00:09-да жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 323 шақырым жерде Қытай аумағында тіркелді.

«Жер сілкінісі 15 шақырым тереңдікте болды. Жерасты дүмпулерінің энергетикалық класы 13.3.6. Магнитудасы 6,1 балл», - деп хабарлады алматылық сейсмологтар.

CОМЭ мәліметтері бойынша, қазақстандықтар Алматы қаласында, сондай-ақ Шәлкөде, Ұзын-бұлақ және Көкпек ауылдарында 2 балдық жер сілкінісін сезінді.

Алматылық сейсмологтардың мәліметінше, Қытайда қысқа мерзімде барлығы бес рет жер сілкінісі болған. Жер асты дүмпулері арасындағы аралық бірнеше минуттан жарты сағатқа дейін созылды. Магнитудасы 4,4-тен 6,1-ге дейінгі жер сілкіністері тіркелді.

Пікірлер