Министрліктен ескерту. Ауладағы тұраққа көлік қоюдың жаңа ережесі ұсынылды

1213
Adyrna.kz Telegram

ҚР Төтенше жағдай министрлігі қазақстандық жүргізушілерге ескертпе жасады, деп жазады "Адырна" порталы. 

Министрлік ауладағы тұраққа көлік қоюшылардың назарына бірқатар мәселелерді тізді. Төтенше жағдай орын алған жағдайда аулаға өрт сөндіретін көліктің кіре алмайтындығын алға тартып, көлік жүргізушілеріне тұраққа көлік қояр алдында ережені ескеруді жеткізді.

"Көпқабатты үйлердің ауласына қойылған көліктер өрт сөндіру техникасына үлкен кедергі болып табылады. Өйткені, өрт орнына жету қиын, кейде тіпті мүмкін емес. Автокөліктерді кез-келген бос жерге қоятын жүргізушілер кінәлі. Жеке көліктерді өрт гидранттары ұңғымаларының қақпақтарында, ауланың өтпе жолдарында қалдыруға тыйым салынады. Көлікті тұраққа қойғанда, басқа көліктердің өтуіне кедергі жасамайтыныңызға және кіре беріс жолды бөгемейтініне көз жеткізіңіз" делінген хабарламада.

 

Пікірлер