Ресей Путинді тұтқындауға ордер берген судьяға іздеу жариялады

1401
Adyrna.kz Telegram

Халықаралық қылмыстық соттың (ХҚС) судьясы Серхио Херардо Угальде Годинеске іздеу жарияланды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Бұл туралы РФ Ішкі істер министрлігі мәлімдеді. 

Ішкі істер министрлігі Ресей президенті Владимир Путинді тұтқындауға ордер бергендердің қатарында болған Халықаралық қылмыстық соттың (ХҚС) судьясы Серхио Херардо Угальде Годинесті іздеуге жариялады.

Тергеу комитеті Годинеске, оның әріптестері Томоко Акане мен Розарио Сальваторе Айталаға, сондай-ақ ХКК прокуроры Карим Ахмад Ханға қатысты іс қозғағаны белгілі. Оларға саналы түрде кінәсіз адамды қылмыстық жауапкершілікке тартты және халықаралық қорғаудағы шет мемлекеттің өкіліне шабуыл жасауға дайындалды деген айып тағылып отыр. Олардың барлығы іздеуде.

Тергеушілердің айтуынша, іске қатысы бар адамдар Путин мен балалар құқығы жөніндегі уәкіл Мария Львова-Белованы қамауға алу туралы заңсыз шешімдер қабылдаған, өйткені қауіпсіздік қызметкерлерінің айтуынша, «оларды қылмыстық жауапкершілікке тартуға негіз жоқ».

Сонымен қатар, Ішкі істер министрлігі сот төрағасы Пиотр Хофманскиді, оның орынбасары Лус дель Кармен Ибанес Карранса мен судья Бертрам Шмитті қоса алғанда, ХҚС басшылығын іздеуге жариялады.

 

Пікірлер