Түркияда “Күзгі Ыстанбұл” халықаралық фестивалі өтті

1046
Adyrna.kz Telegram

Түркияда Қазақ қандас ағайындар көп қоныстанған Зейтинбурну ауданы әкімдігінің “Казлычешме” мәдениет сарайында 8-нші  халық аралық “Күзгі Ыстанбұл” фестивалінің аясында хореографиялық Би байқауы өткізілді.

Оған Қазақстан, Өзбекстан, Қырғыстан елдерінен 4 тан 17 жас аралығындағы биші жас өспірімдер қатысты. Шара Қазақстан хореография бишілер ассоциясы, Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулдығы қолдау көрсетті. Қазақстан Би өнерінің негізін қалаушы, атақты биші Шара Жиенқұлова апамыздың із басарлары Ақтөбе, Атырау, Алматы, Тараз, Талдықорған қалаларынан “Нұр би ансамбілі, Тұмар, Әлем, Ақыл сыры, Айша бибі, Алтын дән, Толқын, Қазақ елі” атты би ансамбілдері қатысты. Қазақтың ұлттық киімдерін киген, қолдарында домбыра, үстерінде Қазақтың ою өрнекті камзолы, бастарында үкілі бөрікі бар бүлдіршіндер ұлттық өнерімізді шет елде, Түркияда жақсы танытты. Міне Қазақ, міне домбыра, мың бұрылған биге жиналғандар зор қошемет көрсетті. Жиында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Дүние жүзі Қазақтары қауымдастығының Түркиядағы үәкілі, Қазақстан мәдениет және сауда ортадығы төрағасының орынбасары Ержан Уәйіс құттықтау сөз сөйледі.

Қазақ елшісі Еркебұлан Сәпиевтің құттықтау сөзін жеткізді. Бұл кездесу Түркия мемелекетінің 100 жылдығы, Қазақстан мен Түркия байланыстарының 31 жылдығы, “Түрксой” дың 30 жылдығы құрметіне өткізіліп отыр. Мәдени және достық байланыстар жан жақты дамуда, өйткені біз түбіміз Түрік, дініміз, діліміз, әдет ғұрып, салт дәстүріміз ортақ. Ендеше екі ел қатынастары мәңгі жасайды. Фестивалді  ұйымдастырушылардың бірі Қазақстандық Кәмила Сейілханова жылы қабылдау үшін Түрік еліне алғысын білдірді.

Қазылар алқасы: Ыстанбұлда туып өскен Қазақ қандасымыз, өнер майталманы, әнші Бешір Көсе, Малтепе университетінің профессоры Ноғай Түркі, домбырашы Седат Шолақұлы, Ыстанбұлда мәдени шараларды өткізуге қатынасатын мәдениет қайраткері Қазақ қызы Анар Байжанова әділ бағасын берді. Қатынасушыларға 1 және 2ші орындар, Бас жүлде, 500 АҚШ доллары қаражаты, фестивалдің кубоктары, естелік, сыйлықтары, алқалар, медалдарды қазылар алқасының мұшелері, қоғам қайраткері Ержан Уәйіс табыстады. “Фестивалға қатынасушы әр бір жас бүлдіршіндер, жас өспірімдердің бәріде жеңімпаз атанды, барлығыда бірінші орын алды, өйткені олар Қазақ халқының Би өнерін, домбырасын, ұлттық мәдениетімізді Анадолу еліне паш етті, әрі қарай Европа елдеріне барып өнер көрсетеді, бәріне де сәттілік тілейміз” - деді Е.Уәйіс.

Жалпы Қазақстанның әр түкпірінен келген 100 ден астам жас өнерпаз өнер көрсетті олардың қасында 120 ата - аналары болды, яғни 220 Қазақстандықтар, жергілікті Қазақ диаспорасының өкілдері, Ыстанбұлда Ниде обылысындағы Исмилкөй Қазақ қауымдастығының басшысы Мехмет Әлім, Алманияда Кольн қаласындағы Қазақ қауымдастығының тең  төрағасы, домбырашы, Қазақ қандасымыз Мехмет Қасенту т.б осында оқыйтын Қазақ студент жастары қатысты .

Қазақтың ән ұраны шырқалып, сахнада Қазақтың көк туы желбіреді.

Пікірлер