Екі көліктің ортасында қалған мопед. Соғылған үш көлік маңындағы әскерилер

2016
Adyrna.kz Telegram

Алматыда жол апаты кезінде мопед екі көліктің арасына түсіп қалды. Оқиғаға қатысты қалалық полиция департаменті түсініктеме берді, деп хабарлайды "Адырна" порталы.

Оқиға орнынан түсірілген видео Qumash Telegram арнасында жарияланды.

Жол апатына үш көлік, сондай-ақ екі көліктің арасына қысылып қалған мопед соқтығысқан. Кадрларда азаматтық және әскери киім киген бір топ адам оқиға орнына жақын жерде тұр. Көліктердің бірі қатты зақымданған. Жазба авторлары оқиғаның Алматыда түсірілгенін алға тартады.

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мән-жайды түсіндірді.

«Бұл жол-көлік оқиғасы Алматы қаласының Медеу ауданында болды, «Крайслер» көлігінің жүргізушісі Сәтбаев көшесімен батыс бағытта келе жатып, Назарбаев даңғылына жетпей, рульді басқара алмай, үш жеңіл көлікпен, сондай-ақ мопедпен соқтығысты», - деді полиция.

Тұрақта тұрған көліктердің жүргізушілері жол-көлік оқиғасы кезінде ішінде болмаған, зардап шеккендер жоқ. Медеу ауданының полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтауға кірісті.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ADYRNA.KZ - Жаңалықтар (@adyrna.kz)

 

Пікірлер