Қостанайда Қазақстан мен Ресейдің XIX өңіраралық ынтымақтастық форумы басталады

1301
Adyrna.kz Telegram
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

Қостанайда «Ауыл шаруашылығы – мықты экономиканың негізі» тақырыбында Қазақстан мен Ресейдің XIX өңіраралық ынтымақтастық форумы өз жұмысын бастайды. Форумға бейнеконференцбайланыс режимінде екі мемлекет басшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин қатысады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы

Форумға өңіраралық алаңда бизнес, салалық мемлекеттік орган, ведомстволар, ғылыми топ өкілдері, екі ел өңірлерінің басшылары жиналады.

Форум Қазақстан-Ресей Іскерлік кеңесінің отырысынан басталып, қатысушылар шекаралас өңірлердің ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастығының өзекті мәселелерін, соның ішінде ауыл шаруашылығы техникасын жасау, АӨК-дегі көлік инфрақұрылымын дамыту мен ауыл шаруашылығы жобаларын техникалық сүйемелдеу мәселелерін талқылайды, – деп хабарлады Сауда және интеграция министрлігі.

Іскерлік кеңестен басқа мынадай үш панельдік сессия өткізу жоспарланған. Олар «Қазіргі жағдайда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету», «Агроөнеркәсіп кешеніндегі цифрлық технологиялар», «Жастар және ауыл шаруашылығы: білім берудегі жаңа үрдістер» тақырыбында болады.

Форум қорытындысы бойынша өңіраралық және коммерциялық құжаттарға қол қойылады деп жоспарланып отыр.

Пікірлер