Алматы мен АҚШ арасындағы тауар айналымы - 805,7 млн доллар

939
Adyrna.kz Telegram
mail.ult.kz
mail.ult.kz

Алматы республиканың ірі қаласы және қаржы орталығы ретінде Қазақстан мен Құрама Штаттары арасындағы сауда мен инвестицияларды ілгерілетуде маңызды рөл атқарады.Қалада 128 бірлескен кәсіпорын және 399 американдық компания тіркелген (барлығы ҚР-да – 695). Алматы мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2022 жылы 21,7%-ға ұлғайып, 805,7 млн долларды құрады.
Ерболат Досаев атап өткендей, Алматы инвестициялық сенімділік деңгейі жөніндегі позициясын сақтайды. Мегаполистің инвестициялық тартымдылығын 2022 жылғы желтоқсанда Fitch Ratings агенттігі "тұрақты" болжамымен «ВВВ» деңгейінде расталды.
Қаланың үлесіне ел ЖІӨ-нің бестен бір бөлігі (2022 жылы 18,5%) және Қазақстан Республикасы бюджетінің барлық кірістерінің төрттен бірінен астамы тиесілі.
Шағын және орта кәсіпорындар қала экономикасының шамамен 60%-ды құрайды және оның өсуінің негізгі қозғаушы күші болып табылады.

Пікірлер