Қазақстанда ресейлік 19 мың компания бар - Тоқаев

1554
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан мен Ресейдің XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумына бейнебайланыс режимінде қатысып жатыр, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Қазақстан азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымының негізін қалаушылардың бірі. Бүгінгі таңда оның құрамына жалпы халқы шамамен бір жарым миллиард адам және 37 мемлекет кіреді. Біздің елдеріміз осы үлкен нарықта сертификатталған халал өнімдерінің экспортын бірлесіп ілгерілете алар еді. Біз ресейлік бизнесті осы бағытта тығыз ынтымақтастыққа шақырамыз, – деді Тоқаев.

Сондай-ақ, Тоқаев Қазақстан мен Ресей экономиканың барлық дерлік саласында өзара ынтымақтаса жұмыс істейтінін айтты.

Оның айтуынша, Ресеймен сауда-экономика, инвестиция, өнеркәсіптік кооперация саласында өзара іс-қимыл жылдан-жылға тұрақты өсіп келеді.

Бүгінде екіжақты сауда айналымы 27 млрд долларға жетті, бұл рекордтық көрсеткіш. Ресейден тікелей инвестиция көлемі 20 млрд доллардан асты. Қазақстанда шетелдің қатысуымен жұмыс істейтін 42 мыңнан аса кәсіпорынның жартысына жуығы, 19 мыңын ресейлік компаниялар құрайды. Біз экономиканық барлық дерлік саласында – өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік, инфрақұрылымда өзара ынтымақтаса жұмыс істейміз, - деді Тоқаев.

Айта кетейік, бүгін, 9 қарашада Ресей президенті Владимир Путин елімізге ресми сапармен келді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік әріптесін елорда әуежайында қарсы алды.

 

Пікірлер