Путин бір күнде екі рет Тоқаевтың аты-жөнін айтудан жаңылысты

1487
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанға сапары барысында Тоқаевтың аты-жөнін айтудан бір күнде екі рет жаңылысты. Желіде Путиннің видеосы тарауда, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Айта кетейік, бүгін, 9 қараша  Путин Астанаға  ресми сапармен келді. Тоқаев Путинді таңертең Астана әуежайында күтіп алды.

Сондай-ақ, Қостанайда өткен Қазақстан мен Ресейдің XIX өңіраралық ынтымақтастық форумына Тоқаев пен Путин бейнебайланыс режимінде қатысты. Іс-шараның тақырыбы: «Ауыл шаруашылығы – қуатты экономиканың негізі».

Бүгінгі ресми кездесу барысында, Қазақстанның оңтүстігінде орыс тілінде оқытатын үш мектеп салу жоспарланып жатқаны айтылды. Сондай-ақ Қазақстан мен Ресей Семей, Көкшетау және Өскемен қалаларында жылу электр станцияларын салу туралы меморандумға қол қойды.

Пікірлер