Айкөркемнің қазасы: Прокурор айыпталушыны 7 жылға соттауды сұрады

1359
Adyrna.kz Telegram
Сурет Rukh2k19 Instagram парақшасынан алынды
Сурет Rukh2k19 Instagram парақшасынан алынды

Алматы әскери соты қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан төрт жасар Айкөркем Мелдеханның өліміне қатысты талқылауды аяқтады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Сотта прокурор Айдос Ақберген айыпталушы әскери қызметкер Арман Жұманды 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Бұл — «Билікті асыра пайдалану» (451-бап, 2-бөлігі 1-тармағы) бабы бойынша ең қатал жаза.

Қаза тапқан қыздың әкесі сот процесінің өту барысына көңілі толмайтынын жеткізді.

«Не себепті бес адамның куәгер ретінде өтіп отырғанын түсінбеймін, олар Арман Жұманмен қатар айыпталушы орнында отыруы керек еді. Себебі айыпталушының қасында болды. Олар ештеңеге қарамай көлікке оқ ата берген. Бірақ бұл қызметкерлерге бұйрықты кім берген?Неге бөлім командирі, батальон командирін жазаламайды?»—деді Айдос Мелдехан.

Басылымның жазуынша, күдіктінің қорғаушысы соттан оны толық ақтауды талап еткен.

Еске салсақ, төрт жасар Айкөркем Мелдехан 7 қаңтарда әкесінің көлігінде қайтыс болған. Оқ қыздың басына тиіп, ол сол жерде жан тапсырған. Бұл кезде көлікте оның ағасы мен әпкесі болған, олар да жарақат алған.

Бұған дейін судья істе «мемлекеттік құпия» мәліметтер бар екенін айтып, сотты жабық еткен еді. Бұған жәбірленуші жақ қарсы болған.

Пікірлер