Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы петицияға 87 мың қол жиналды. Енді оны үкімет қарауы керек

1479
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық бағытындағы  заңнаманы реформалау туралы петицияға қойылған қолдар саны 50 мыңнан асты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Енді талапты үкімет қарастыруы керек.

15 қарашада түнгі сағат екіге қарай тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы петицияға қойылған қолдар саны 50 мыңнан асып кеткен. Дәл қазір бұл көрсеткіш 87 мыңға жеткен.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық бақылау және әкімшілік рәсімдерді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға сәйкес 50 мыңнан астам дауыс жинаған өтініштер үкімет деңгейінде қаралуы тиіс.

Петицияны жариялаған «ТАЛАП» қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Рахым Ошақбаев аталған ұсынысты, тиісті заң қабылданғаннан кейін жоғары деңгейде қарау үшін қажетті қолдар жиналған алғашқы үндеу екенін атап өтті.

«Әлі де көбірек қол жиналады деген сезім бар. Қазақстандықтар ынтымақты білдіргісі келеді, сондықтан олар петицияға белсенді түрде қол қоюда», -дейді ол.

Рахым Ошақбаев бірыңғай порталдың жоқтығы қазақстандықтардың бұл мәселеге қатысты пікірін білдіруіне кедергі болмауы керек деп санайды:

«Петиция орналастырылған сайт – біздің мемлекеттік қызмет. Басқа платформалардан айырмашылығы, ол белгілеулерден айырылған. Оның ерекшелігі сол, біз әрбір қолтаңбаны SMS арқылы тексереміз, яғни әрбір дауыс жеке телефон нөмірмен тіркеліп,  оның артында нақты адам тұрады. Веб-сайт петицияға қол қойғандар туралы ақпаратты көрсетеді" деп қосыт ол.

Қызмет көрсету тобы қажет болған жағдайда қосымша тексеру үшін қол қоюшылардың тізімін беруге дайын екенін атап өтті.

 

Пікірлер