Атырау ойын алаңдарын күтіп ұстауға 236 миллион теңгеден аса қаржы бөлді

1265
Adyrna.kz Telegram
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

Атырау қаласының балалар ойын алаңдарын күтіп ұстау үшін бюджеттен 236 228 437 теңге қаржы бөлінді, - деп хабарлайды Адырна ұлттық порталы satypalu.gov.kz/  сайтына сілтеме жасап.

Тендерге тапсырысты Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі берген. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы Атырау облысының қаржы басқармасы мемлекеттік мекемесі.

«Атырау қаласының балалар ойын алаңдарын күтіп ұстау» деген тақырыппен 15 қараша күні жарияланған тендердің жеңімпаз 22 қараша күні анықталады.

Техникалық сипаттамада Атырау қаласында қанша ойын алаңы бар екені көрсетілмеген. 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін балалар ойын алаңдарын күтіп ұстау үшін нақты не істелу керектігі де түсініксіз.

Қараңыз: «Тастарды жинау және түптеу – 22,1 мЗ, Учаскенi қоқыстан он рет тазарту - 22 100 м2, Құмсалғышты құммен толтыру – 44,2 м2, Металл қоршауларды ұсақ жөндеу – 17,68 м2, т.б» деп жалғасып кете береді.

Ұзын-сонар техникалық сипаттамадан Атырау қаласында 40 ойын алаңы бар екенін байқауға болады. Алаңдарды күтіп ұстау үшін бюджеттен  236 миллионнан аса қаржы жұмсалып отырғандықтан атқарылатын жұмыстың көлемі, саны, жоспары, тараптардың міндеті, барлығы дерлік тайға таңба басқандай көрініп тұруы керек емес пе? Оның бірі де жоқ.

Сонда Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы тендер жеңімпазынан есепті қалай алады? Бізді осы сауал мазалайды...

Қанат Бірлікұлы

Адырна ұлттық порталы

 

 

Пікірлер