Халық санын 20 миллионнан асырған 5 сәби: 3 ұл, 2 қыз!

2114
Adyrna.kz Telegram
Фото: medicina-peterburg.ru
Фото: medicina-peterburg.ru

Халық санын 20 милионнан асырған 5 сәби екені айтылды. Бұл туралы Президенттің ішкі саясат мәселелер және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі Руслан Желдібай айтты, дем хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Халықтың деректер базасының көрсеткіштеріне сәйкес, 2023 жылғы 14 қарашада таңғы сағат 8.10-да туған 5 бала еліміздің 20 миллионыншы тұрғыны атанды.

Қазақстанның мерейлі азаматтары Ұлытау, Жетісу, Атырау, Ақмола және Түркістан облыстарында дүниеге келді. 3 ұл және 2 қыз!

“Бұрын халық саны туралы мәліметтер қолмен өңделетін және бұл көп уақытты қажет ететін. Мемлекеттік ақпараттық жүйелердің интеграциясы бұл процесті жеделдетуге және 20 миллионыншы азаматтың туған күнін жоғары дәлдікпен әрі қысқа мерзімде анықтауға мүмкіндік берді”, деп жазды Руслан Желдібай.

Сондай-ақ бүгін Мемлекет басшысы «Ұлттық қор – балаларға» заңына қол қойды. Келесі жылдан бастап балалар Ұлттық қордан өз үлесін алады.

Президенттің тапсырмасына сәйкес Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50%-ін балалардың арнайы жинақтаушы шотына 18 жасқа толғанға дейін аударылады.

Айта кетсек, 2021 жылы 20 маусымында Қазақстанның 19 миллионыншы тұрғыны дүниеге келген. Ұлттық статистика бюросының халық саны бойынша ағымдағы жазбаларына сәйкес, Қазақстанда 19 миллионыншы адам Ол Жания Азаматқызын анықталған болатын.

«19 миллионыншы тұрғынның туған күнін анықтау барлық демографиялық оқиғаларды: табиғи өсім (тірі туылғандар саны мен белгілі бір кезеңдегі қайтыс болғандар саны арасындағы айырмашылық) және көші-қон сальдосын (айырма) ескере отырып жасалды. Кандидат тұрғылықты жеріне қарамастан бүкіл республика бойынша анықталды.

Жалпы, тәуелсіздік жылдарында халық саны 2 миллион 557 мың адамға (15,5 пайызға) өсіп, ағымдағы жылдың 1 шілдесіне 19 миллион 9,6 мың адамды құрады», - деп хабарлаған Статистика бюросы.

Сондай-ақ, 2017 жылы Қазақстанның 18 миллионыншы тұрғыны қыз бен Алматы облысының тұрғыны болды. 2017 жылы 11 мамырда Саматқызы Муслима Талдықорған қаласында дүниеге келген. Оның ата-анасына 3 бөлмелі пәтер берілді.

Биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында Елімізде жыл сайын 400 мыңнан астам бала дүниеге келетінін, жыл соңына дейін халқымыздың саны 20 миллионға жететіні айтылған.

“Қазақстан – әлемдегі ең жас мемлекеттің бірі. Азаматтарымыздың орташа жасы – 32 жас. Тұрғындардың үштен бірі – жастар.

Үкіметтің міндеті – қазіргі демографиялық ахуалды еліміздің бәсекеге қабілетін арттыруға пайдалану.

Адал азамат және тұғырлы тұлға болудың негізі бала кезден қалыптасады. Сондықтан біз жас ұрпақтың қауіпсіз әрі алаңсыз өмір сүруін қамтамасыз етуге тиіспіз.

Мен Мемлекет басшысы ретінде кәмелетке толмағандарға жасалған зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қатысты жазаны күшейтуді талап етемін” деген еді Жолдауда.

Пікірлер