«Неге түрмеге отырғызасың?”Бәшімов күйеуінен қорғану үшін полиция шақырған әйелдерді айыптады

1840
Adyrna.kz Telegram

Мәжіліс депутаты Марат Бәшімов бұзақы күйеулерінен қорғану үшін полиция шақырған әйелдерді көпшілік алдында айыптайды. Бұл туралы желіде видео тарады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық портплы.

Жарайды, онда ажырас! Неге адамды түрмеге отырғызасың? Немесе сотқа беріп, онымен бірге тұрасың ба? Мен мұны түсінбеймін, - деді Бәшімов

Бәшімовтың бұл сөзі көптің ашуын туғызуда.

“Оның логикасы бойынша, ол үшін әйелді ұруға бола ма? Әйелдердің кейде ажырасуға арыз жазып, зорлаушысын тастап кетуге мүмкіндігі болмайтынын депутат мырза мүлде түсінбейді немесе түсінгісі де келмейді деп ойлаймыз. Қазақстанда әйелдерді күйеулері физикалық зорлық-зомбылықпен ғана емес, балаларын тартып алу мүмкіндігімен де қорқытады. Көбінесе мұндай жағдайға тап болған қазақ әйелдеріне сырттан қорған жоқ. Келген полицейлер, тіпті олар да тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының жағына шыға бермейді”, деп жазды желді қолданушылары.

Пікірлер