Прокурор Марат Жыланбаевты 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

1135
Adyrna.kz Telegram
Фото: ҚазТАГ
Фото: ҚазТАГ

Бүгін, 17 қарашада марафоншы, тіркелмеген «Алға, Қазақстан!» оппозициялық партиясының жетекшісі Марат Жыланбаевтың ісіне қатысты жарыссөз өтіп жатыр. Бұл туралы Азаттық жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Басылымның мәліметінше, прокурор соттан Жыланбаевты кінәлі деп танып, 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Бұл туралы Марат Жыланбаевтың адвокаты Мейіржан Досқараев айтқан.

Айта кетейік, 60 жастағы белсенді Марат Жыланбаевтың соты 30 қазанда басталды. Марафоншыға «тыйым салынған ұйымның ісіне араласу» және «экстремистік ұйымды қаржыландыру» бабы бойынша айып тағылып отыр.

Пікірлер