Самарқан түбінде әскери тікұшақ апатқа ұшырады

2065
Adyrna.kz Telegram
Фото: ru.sputnik.kg
Фото: ru.sputnik.kg

Өзбекстанда оқу-жаттығу кезінде әскери тікұшақ апатқа ұшырады. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігі жазды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Өзбекстан Қорғаныс министрлігінің мәліметі бойынша, 17 қарашада сағат 20:15-те Самарқанд облысындағы "Каттакурган" полигонында әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері мен Өзбекстан Әскери-әуе күштерінің қолбасшылығына тиесілі Ми-8 тікұшағы апатқа ұшырады.

Апат салдарынан тікұшақ экипажы қаза тапты. Қазіргі уақытта арнайы комиссия апаттың себептерін анықтау үшін жұмыс істеуде.

Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасы мүшелері мен туыстарына көңіл айтамыз, — деп хабарлайды ведомство.

Пікірлер