Лавров Орталық Азия елшілерімен кездесті. Арал аталған, Жайық жоқ

1491
Adyrna.kz Telegram
Фото: МИД России
Фото: МИД России

17 қарашада Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі С.В. Лавровтың Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Тәжікстан Республикасының, Түрікменстанның, Өзбекстан Республикасының Мәскеуде аккредиттелген елшілерімен кездесуі өтті, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Іс-шара барысында Ресейдің Орталық Азия өңірінің әрбір мемлекетімен екіжақты негізде де, ТМД, ЕАЭО, ҰҚШҰ, ШЫҰ сияқты жалпы халықаралық бірлестіктер шеңберінде де өзара іс-қимылына жан-жақты баға берілді. Тараптар сауда-экономикалық қатынастардың тұрақтылығын, тауар айналымының өсуін, ғылыми-білім беру және мәдени-гуманитарлық байланыстардың тығыз сипатын қанағаттанушылықпен атап өтті. Қауіпсіздік пен өңірлік тұрақтылықты қоса алғанда, стратегиялық әріптестігіміздің бүкіл көпқырлы кешенінің тұрақты дамуы үшін жағдайды қамтамасыз етуге өзара бейілділік ерекше атап өтілді.

ОА5+Ресей форматындағы ынтымақтастық және 2022 жылғы 14 қазанда Астана қаласында өткен осы тетіктің бірінші Саммитінің қорытындыларын іске асыру мәселелері жеке қаралды.

Министрдің айтуынша, Орталық Азия елдері арасындағы қарым-қатынаста су-энергетикалық мәселесі өте өзекті болып тұр.

«Бізге ресейлік мамандардың қатысуы Орталық Азия елдеріне оңтайлы шешімдер табуға және, әрине, айтарлықтай шиеленісті тудыратын біржақты қадамдардан аулақ болуға көмектесуі мүмкін», - деп атап өтті Лавров.

Сергей Лавров Ресейдің Халықаралық Аралды құтқару қорында бақылаушы ретінде қабылдау туралы өтінішін қанағаттандыру дұрыс шешім болар еді деп санайды. Бірақ аталған тізімде Жайық өзенінің аты көрінбейді.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер