ҰҚШҰ-ның жаттығулары Орталық Азияға ойысады

1199
Adyrna.kz Telegram
Фото: Alert5 (ru.wikipedia.org)
Фото: Alert5 (ru.wikipedia.org)

Келесі жылы ҰҚШҰ жаттығулары кезеңінде Орталық Азия өңіріне баса назар аударылады. Бұл туралы брифингте Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Біріккен штабының бастығы Анатолий Сидоров мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Оның айтуынша, дайындық шаралары Қырғызстанда, Қазақстанда және Тәжікстанда өтеді.

«2024 жылға арналған оқу-жаттығу жоспарында Орталық Азия Ұжымдық қауіпсіздік аймағына баса назар аударылды. Атап айтқанда, Қырғызстанда бізде ҰҚШҰ-ның Ұжымдық жедел әрекет ету күштерімен, Қазақстанда — бітімгершілік күштерімен, сондай-ақ Тәжікстанда өңірді жедел өрістету ұжымдық күштерімен оқу-жаттығулар жоспарланған», - деді Анатолий Сидоров.

Сондай-ақ ол оқу-жаттығуларды өткізу уақыты мен дайындық алаңдары туралы айтуға әлі ерте екенін, кеңестер ағымдағы жылдың желтоқсан айында басталатынын да атап өтті.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер