20 млн теңге. Димаш шахтерлер отбасына көмек қолын созды

1114
Adyrna.kz Telegram

Белгілі әнші Димаш Құдайберген шахта жарылысынан қайтыс болған кеншілердің отбасыларына, оның ішінде кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар 20 отбасыға 20 миллион теңге берді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Қарағандыдағы Костенко шахтасында қаза тапқан 46 азаматтың отбасыларына мемлекет те, жеке кәсіпкерлер де көмек қолын созып жатыр.

Осы тұста әнші Димаш Құдайберген де аталған отбасыларға қайырымдылық жасаудан қалыс қалмады. Ол шахта жарылысынан қаза тапқан кеншілердің отбасына, оның ішінде кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар 20 отбасыға 1 миллион теңгеден аударды.

Айталық, Димаштан бөлек өзге шоу-бизнес өкілдері апатқа ұшырағандарға мұндай көмек көрсетпеді.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер