Болашақ үшін алаңдаймын...

1337
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Жалпы, дінді қазіргі қазақ идеологиясына айналдыру дегеннің өзі абсурд. Қазақстан да, түркі әлемі де өз технологиялық даму жолын іздеу үстінде.

Жерді игеру, қазба байлықты өңдеу, өнеркәсіпті дамыту - ең алдымен ғылымды талап етеді... Сондықтан, бүгінгі өркениет осы бағытта дамиды. Содан болар, бүгінгі әлемде ұлттық идентификация "ұлтсызданған дін" негізіне емес, Ұлттық мәдениетке қарай бұрылып барады ма деймін... Әлем ЮНЕСКО арқылы осы принципті алға шығарды. Мұнда ешбір дінге басымдық жоқ. Ал әр ұлттың мәдениеті, салт-дәстүрі, өнері, музыкасы, тарихы - қазір бүкіл адамзатқа ортақ құндылық деп мойындалуда және атап өтілуде, әрі, қорғалуда. Осыған сай "өзін өзі таныған халық" деп өз мәдениетін, өз ғылымын сақтап, оны дамытушы елдерді айтады.

...Ал өз тілі бола отырып, өзге тілде құдайға жалбарынатын халықтар, енді "империялық бодандық сырқатынан" ажырай алмаған әлсіз не әлжуаз ұлт қатарында қалып қойғандар деген түсінік қалыптасты. Олардың өзгеге жұтылу қаупі әлдеқайда жоғары. Себебі коммуникация дамуы оны жылдамдатады. Ондай ұлттарды жаулау қажет те емес. Ондай халықты "алыста отырып басқаруға" болады. Ақшаның күшімен, олардың санасын дінмен улау арқылы, өз мәдениетін ұмыттыру арқылы, діни фанаттар мен содырлар арқылы...

Егер ұлттың өзі осыны қалап тұрса - мәселені өте аз шығынмен, арзан шешуге болады. Ал, егер олардың басшысы һәм элитасы осыны қалап тұрса, онда тіптен жақсы! Онда, оларды "империялық орталыққа" (мысалы Дубайға, Стамбулға, Швейцария, Лондон, Нью-Йорк.., Сауд Арабиясына т.т) көшіріп алып, солар арқылы ұлтты зомбиландыруды жалғастырса - бұл деген тіптен тамаша тәсіл! Ал ұлт ішіндегі осыны түсінген өз зиялыларын жан-жақты шектеу, оларды мемлекеттен бөлу - осы "ұлтты жұтып алу, оны құлдық санада ұстау" секілді әрекеттің бір бөлігі әрі өте тиімді бөлігі болып табылады.
Ал шет елде тұратын "сатқын элита" ол ұлтты ұшақпен ұшып барып та басқарады...

Мысалы, олардың елде бауыры қайтса - Дубайдан ұшып келе салады, сосын кері қайтады дегендей...
Интернетпен де отырып басқарады...
Жалпы, мұндай тенденция қазіргі біздің елде байқалмай ма?
Қалай ойлайсыздар?

Әбдірашит Бәкірұлы,

философ-публицист

Пікірлер