"Қаржы жеткіліксіз болды". Қостанайда футбол алаңының қақ ортасында электр бағаны орналасқан

1378
Adyrna.kz Telegram
Фото: qumash_kz
Фото: qumash_kz

Футбол алаңының ортасында тұрған электр бағаны қызу талқыға түсті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Футбол алаңының қақ ортасында тұрған электр бағанының суреті БАҚ беттерінде тарай бастады.

Ойын алаңшасының қақ ортасында тұрған электр бағанасы желі қолданушыларының қызу талқысына түсті. Бұл сурет Қостанай қаласындағы №17 мектептің маңында түсірілгені белгілі болды.

Футбол алаңы білім беру мекемесінің иелігінде екен.

"2019-2020 жылдары мектеп ғимараты күрделі жөндеуден өтті. Жөндеу кезінде, ЖСҚ-ға сәйкес, алаң демонтаждалып, жаңа спорт алаңдарын орнату жоспарланған болатын. Ескі әрі жұмыс істемейтін футбол алаңы арқылы электр кабелі тартылып, жарықтандыру орнатылды. Алайда, жөндеу кезінде жобалық-сметалық құжаттамада кемшіліктер анықталды, түзету жүргізілді. Осыған байланысты ескі еденді бөлшектеуге, жаңа спорт алаңдарын орнатуға және аумақты абаттандыруға қаржы жеткіліксіз болды", - деп түсіндірген білім басқармасы өкілдері.

Қазір футбол алаңы уақытша жабылыпты, сабақтар өткізілмейді. Аталған мектеп ескі спорт алаңдарын бөлшектеуге және жаңа спорт алаңдарын орнатуға бюджеттік өтінім берген.

Пікірлер