"Алтай түркілері және музыкалық фольклорымыз" атты кітап жарық көрді

1260
Adyrna.kz Telegram
Фото: Әбдіуақап Қара парақшасынан
Фото: Әбдіуақап Қара парақшасынан

Түрік музыкасы мемлекеттік консерваториясының оқытушысы, доктор Сүлейман Шенелдің  қазақтың музыка тарихына қатысты мұрағат қорларын қамтитын тарихи маңызы бар үлкен еңбегі жарық көрді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. 

Ғалым, түрколог, шоқайтанушы Әбдіуақап Қара жылға орай жарық көрген «Алтай түркілері және музыкалық фольклорымыз» атты кітап 40 жылдық еңбектің жемісі екенін жазып, қуанышты жаңалықпен бөлісті.

"Шенел 1985 жылы марқұм түрік музыка зерттеушісі Мұзаффер Сарысезеннің қолжазба нотасын архивтен тауып алып, зерттеген.                                                                                                 Досым осыдан кейін архивті ақтарып, оқуға кірісті. Түрік қазақтарының көші-қон тарихы мен мәдениеті туралы кітапқа кіріспе жазуымды да өтінді. Мен бұл өтінішімді үлкен қуанышпен орындадым.

Кітапқа үлес қосқанымыз үшін кітаппен бірге министрлік бізге алғыс хат жолдады. Сүлеймен досыма сәттілік тілеймін!", - деп жазды ол.

Қалың мұқабалы, 558 беттен тұратын кітапты онлайн түрде тыңдауға да мүмкіндік бар.

Пікірлер