Алматыда жас жігіт тұрғын үй кешенінің 20-қабатынан құлап, қаза тапты

2573
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Алматыда 22 жастағы жігіт тұрғын үй кешенінің 20-қабатынан құлап кетті. Жас жігіт оқиға орнында көз жұмды. Бұл туралы  желіде видео тарады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақпаратқа сәйкес, қайғылы оқиға 19 қараша күні таңғы сағат 07.00 шамасында болған.

Алматы полиция департаменті 2001 жылы туған жігіттің өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

Аталған факті бойынша Бостандық аудандық полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі (Өзін-өзі өлтіруге итермелеу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Мән-жай анықталуда, - делінген хабарламада.

Пікірлер