Қоғамдық кеңес – қоғаммен байланыстың мықты тетігі

821
Adyrna.kz Telegram

Осыдан тура 7 жыл бұрын елімізде Парламенттің бекітуімен «Қоғамдық кеңес туралы» заң қабылданған болатын.  Бүгінде қоғамдық кеңестер  мемлекет қабылдайтын шешімдердің жариялы, ашық болуын қамтамасыз ететін консультативтік-кеңесші, әрі бақылаушы органға айналды.

Қарағанды облыстық қоғамдық кеңес мүшесі, бюджет және экономика комиссиясының төрағасы ретінде 2022 жылдан бастап әріптестермен бірігіп жұмыс жасап келе жатырмыз. Осы уақытта атқарылған біраз шаруаларға қортынды жасауға болады.

Билік пен қоғамның арасындағы көпір  ретінде қоғамдық кеңес өзінің керектігін нақты дәлелдеді.  Азаматтардың арасында ағарту, түсіндіру жұмысқа кіріскені азаматтар, кәсіпкер тағы басқалардың арасында мемлекеттіңөткізіп жатқан басты бағыттарына деген сенімдітудырды.

Өңірдің жалпы дамуының, бағытттарын анықтап, талқылауға, әр саладан келген мамандардан, қоғамның әр түрлі топтастардың  өкілдерінің атқаруші билік, облыстық басқармалармен, депутаттармен бірге кірісіп үлес қосуы маңызды. Жеке азамат, мүмкіндіктері  шектеулі адамдар, жалғыз басты, көп балалы аналар, ауыл тұрғындары, қарапайым жұмыскерлер, ата- аналар, қоғам белсенділердан т.б түскен өтініштер, ұсыныстар, критика, наразылық негізінде бақылау, мониторинг, тынлаулар өткізіліп, нәтижесін көрсетеді.

Облыстық бюджет анықталып, бекітілген , оны орындау жөнінде есеп беру, бюджеттік  қаржының дұрыс үнемді нәтижелі пайдалануың қадағалау кезеңіне қоғамдық кеңестің отырысында талқылап, ұсыныс беру қоғамға, мемлекет дамуына нәтижесі мол. Өңірімізде жүзеге асырылып жатқан үлкен құрылыс, жол, су, жылу, тұрғын уй т.б  даму жобаларын мониторинг ретінде қадағалап, қортынды ұсыныс беру, әлеуметтік саласындағы сұрақтарды қөтеру, осының бәрін қоғамға әр түрлі байланыс арқылы жеткізу   – қоғамдық кеңес жұмысының маңызды бағыты.

Ауылдармен тікелей байланысқа шығып, өткір сұрақтарды, қиыншылық тудыратын мәселелерді көтеріп, билікке жеткізу. Қоғамдық кеңес арқылы жалпы қоғамдық бақылаудыңрөлі өсті деп айтуға болады. Көптеген азаматтар қоғамдық жұмысқа талпынып, күрделі сұрақтарды бірігіп шешіун мүмкін екенін көріп, кірісіп жатқаны анық. Мемлкетттік, атқарушы органдарға заң негізінде  қоғамдық кеңестің ұсыныстарын  үнемі қадағалаусапалы жұмыстың кепілі.

Айжан Қиясова,

Қарағанды облыстық қоғамдық кеңес мүшесі, бюджет және экономика комиссиясының төрағасы.  Қарағанды облыстық әйелдер және отбасы демографиялық комиссия төрағасының орынбасары.

Пікірлер