Пойыз билеттері қымбаттай бастады

1227
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөз беттерінен
Фото: Ашық дереккөз беттерінен

Ағымдағы жылдың қазан айында Қазақстанда жолаушыларды пойызбен тасымалдау қызметі бір жылда 7,9 пайызға өскен. Бұл туралы Маңғыстау, Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстарының тұрғындары байқаған, - деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы EnergyProm сайтына сілтеме.

Маңғыстау облысының тұрғындары жол билеттерінің қымбаттағанын байқаған. Деректерге сүйенсек, билеттердің бағасы бірден 35,5 пайызға өскен.
Қала маңына жүретін пойыздар 8,8 пайызға, пойыздың плацкарт вагондарында республикаішілік қатынау - 8,6 пайызға, ал купе - 8,9 пайызға өскен.

Бұл тізім қатарында Алматы (22 пайыз) және Солтүстік Қазақстан облыстары (20,2 пайыз) бар.

Айталық, қымбатшылықтың ең төменгі көрсеткіші ретінде 0,5 пайызбен Абай облысы тіркелген. Бұдан бөлек тағы алты аймақта, мысалы, Жетісу облысында билет құны 10,4 пайызға төмендеген.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер