Тіл реформасы: жаңару мен жаңғыру

1375
Adyrna.kz Telegram
Фото: inbussines.kz
Фото: inbussines.kz

Тіл – ұлттың жаны, қаны, жүрегі, намысы. Тілі жоғалған елдің көп ұзамай өзі де жоғалары анық. Себебі ана тілсіз өмір сүру – қасірет. Тілдік реформа – рухани жаңғырудың мемлекет ретінде жаңарудың бір жолы. Дегенмен, мұндай өзгерісті қабылдамас бұрын бізге тыңғылықты дайындық пен жетілген әліпби қажет.

Жалпы қазақ тілін реформалау аясында Президент өз шешімін 2019 жылы бас қалада өткен Қоғамдық сенім Ұлттық кеңесінің отырысында айтқанын еске саламыз. Сол сәтте Мемлекет басшысы бұл мәселеге асығыс жол берілмейтінін, барлық жағынан жан-жақты талдау мен өзіндік пысықтау керектігін ескертіп өтті.

Иә, расында, біздің қолданыстағы кириллица әліпбиін латынға ауыстырудың өзі біршама жұмыс. Дегенмен, тілдің, елдің жаңғыруын қаласақ, бізге қазақ тілін реформалау керектігін ойлауымыз керек.
Мемлекет басшысы өз сөзінде ұлттың ертеңі үшін мұндай тағдырлы мәселеде үгіт-насихат пен қандай да бір жеңілдіктердің қабылданбайтынын да атап өтті. Демек реформалар мен модернизация тек қазақ тіліне қатысты болмақ.

Бірнеше жыл бойы қазақ тілінің алфавит жүйесін латын әліпбиіне ауыстыру кеңінен талықланып, қызу таласқа түскен. Негізінен латын қарпіне көшу жұмыстары 2023 жылдан 2031 жылға дейін қарқынды түрде жүзеге асырылуы тиіс болған. Алайда күні бүгінге дейін бұл іс тыңғылықты тексерісте.

Латын қарпіне көшудің маңызы мен мәні қандай?
Қазақ тілін реформалау бірқатар қажеттіліктің салдарынан туындаған болатын. Ең әуелі латын әліпбиін қолданысқа енгізу ғылым және білімнің ағылшын тілінде болуы үшін қажет еді. , компьютер тілінің латын әліпбиі негізінде жасалуы.

Сондай-ақ әлем елдерінде, анығырақ, Түркияда, Түркіменстанда, Әзірбайжанда мен көршілес Өзбекстан мемлекеттерінде латын әліпбиін енгізу тәжірибесі бар екенін ескерген жөн. Латын қарпіне көшпестен бұрын халықтың, елдің пікіріне құлақ түрген абзал. Себебі біз демократиялық мемлекет болғаннан соң біз үшін халықтың да шешімі маңызды.

Біздің тілімізде дұрыс жазу мәдениеті қатаң сақталған. Латын қарпін қолданысқа енгізбестен бұрын Президентіміздің де ең басты назар аударар тұсы осы болса керек-ті. Себебі қазақ тіліне тән дыбыстар мен әріптер – біздің ұлттық құндылықтарымыз секілді көздің қарашығындай сақталуы тиіс. Бүгінде тіл реформасындағы ең маңыздысы да әрі ең өзектісі де дәл осы жазу мәдениетінің сақталуы болып отыр.
Бұл тұста түсіну керек маңызды мәселе бар. Яғни қазақ тілін латын әліпбиіне ауыстыру, оны көшіру жай ғана таңба ауыстыру емес! Ол тілдің өміршеңдігін, ертеңін сақтап қалудың қамы. Әлемдегі кез келген мемлекеттің тілдік реформасы дәл жазу реформасы арқылы жүзеге асырылып отыратынына назар аудару қажет. Мысалы дүниежүзінде сұранысқа ие болып жатқан ағылшын тілі екені айтпаса да белгілі. Күллі әлемнің қажетіне жараған ағылшынның реформасына көз жүгіртейік. Реформалау барысында біріншіден, жазу ережелері үнемі өзгеріске ұшырап отырған. Шет тілінен енген терминдердің бәрі дерлік ағылшын тілінің өз ережесіне сай бекітіліп отыр. Реформаға ұшыраған өзге тілдерде де дәл солай. Тағы бір мысал ретінде француз тілінің реформасын қарайық. Француз тілінде емле ережелерге өзгерістер бірнеше ғасыр бұрын енгізіліп, ХХ ғасырдың 90-жылдарына дейін өзгеріске ұшыраған. Ол тілге тән емес кірме сөздер игеріліп, тілдің дыбысталуын сақтап, түрлі диакритикалық белгілер қосылып, өзгерістер енген. Бұл – орынды құбылыс.
Егер осындай реформалар жүзеге асып тұрмаса тіл заман талабынан қалады. Нақтырақ айтсақ жазу үнемі жетіліп отыруы тиіс. Әйтпесе тіл де, мемлекет те заман көшінен қалыс қалып, дамыған қоғамға ілесе алмайды.

Латын әліпбиіне көшудің игі бастамалары қандай?
Тілді реформалау әліпбиді өзгертіп қоюмен ғана шектелмейді.Осы тұста «тәрбие – тал бесіктен» деген сөзді қолданғымыз келеді. Жаңа терминдер мен тілді ғылымға айналдыра отырып, түрлі туындыларды, сан-алуан шығармаларды қазақ тілінде көркемдеп, тілді дәріптеу мақсатында өскелең ұрпаққа тілді меңгерту, жаңа әліпбиді барынша оңай жолмен ұғындыратын жобаларды дайындау қолға алыну қажет.

Жазу реформасына байланысты ғалымдар, мамандар бірнеше жылдан бері белсенді түрде жұмыстар атқарып келеді. Қазір жетілдірілген әліпби нұсқасы дайындалды.
Бүгінде мемлекеттік мекемелерде, қала көшелерінде, дүкендерде, сауда орындарында атауларды, жарнамалық қағаздарды, ресми ақпараттарды латынша жазып, іліп қою белсенді жүргізіліп жатыр.

Пікірлер