Бүгін Аман Төлеев жерленеді

1436
Adyrna.kz Telegram

20 қараша күні 79 жасында дүниеден озған Ресейдегі Кемерово облысының бұрынғы губернаторы Аман Төлеев 22 қарашада Кемерово қаласының N1 орталық зиратында құрметпен жерленеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Бұл туралы губернатор Сергей Цивилевтің үкімінде көрсетілді.

"Жерлеуді ұйымдастыру үшін құрылған комиссия құрметті қарауыл, Кемерово облысының мемлекеттік рәміздерін пайдалану - Кузбасс, табытты арбада тасымалдау, дыбыс сигналдарымен отшашуды өткізу, гүлдер, гирляндтар, гүл шоқтарын қою, комиссия шешімі бойынша басқа да марапаттар қамтамасыз етіледі", делінген үкімде.

Азаматтық еске алу рәсімі А.Бобров атындағы Кузбасс музыкалық театрында сәрсенбі күні сағат 10:30-12:30 аралығында өтеді.  Сағат 13:00-де Знаменский соборында жерлеу рәсімі өтеді.

Еске сала кетейік, Төлеев 20 қараша, дүйсенбі күні таңертең 79 жасында қайтыс болды. Ресей президенті Владимир Путин көңіл айтып, Төлеевті нағыз халық губернаторы деп атады.

Пікірлер