Екібастұзда 7 жасар Милана жер қойнына тапсырылды

1744
Adyrna.kz Telegram

Екібастұзда анасы өз қолымен өлтірді делінген жеті жасар Милана Давыдова жер қойнына тапсырылды. Қоштасуға келген еріктілер қылмысқа барған келіншектің жауыздық әрекеттерін баяндаған, деп хабарлайды "Адырна" КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Жерлеу рәсімін өткізуді оқушының нағашылары мойнына алған. Бірақ туыстарының ешкіммен ашылып сөйлесуге зауқы болмаған. Есесіне еріктілер қолдау көрсетіп, іздеу кезінде және бүлдіршіннің мәйіті табылған сәттегі жайтты айтып жүр. Олардың сөзінше, қызға анасы қатал қарағаны жайлы екі бауыры айтып беріпті. 6 және 9 жастағы ұлдарына саусағының ұшын да тигізбеген. Ал Милананы үнемі аямай сабаған көрінеді.

Қылмыс болатын күні де ұлдарын көршісіне апарып тастап қызын ұрып өлтіргені айтылды. Артынша ашынасына айтып, мәйітті үйілген қоқыс арасына көмдіріп тастаған деседі. Баласының жоғалғанын айтып, сосын жұрттан көмек сұрапты. Қазір күдікті келіншек сыбайласымен бірге қамауда отыр. Екі баласын бейімдеу орталығына алып кетті. Милананы атасы мен әжесінің жанына жерледі.

«Үлкен ұлы Милананы анасы үнемі ұратынын айтты. Бауырларының біреуі алты жаста, екіншісі тоғызда. Оларды бірден алып кетті. Ал анасы қызын «неге өлтірдің» деген сауалға тергеушілерге «балаларым шаршатты, ешкімді тыңдамайды» деп ақталған. Баланы сол үшін өлтіруге бола ма?», — дейді ерікті Олеся Каноненко.

Пікірлер