Ресейде Қазақстан азаматы қайтыс болғаны айтылды

2259
Adyrna.kz Telegram
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

Ресейде Қазақстан азаматы қайтыс болды. Оқиға куәгерлері Самара облысының маңында жол апатынан қаза тапқан жүргізушінің туыстарын іздестіріп жатыр. Бұл туралы shyndyk.kz жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Белгілі болғандай, жол апаты 21 қараша «Самара-Пугачев-Энгельс-Волгоград» Р-229 тас жолында болған. Көлік нөмірі: 992 СF, облыс – Алматы (02).

54 жастағы жүргізуші Mercedes-Benz Actros MP2 көлігін Алексеевка ауылынан Мәскеуге қарай айдап келе жатқан. Көлік ауа-райының қолайсыздығынан жолдан шығып кетіп, аударылып қалған деген болжам бар. Марқұмды көлік басып қалған. Басқа мәліметтер әзірге белгісіз.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі ресми мәлімдеме бермеді. 

Пікірлер