Арқалық ет комбинаты киік етін консервілеп шығара бастады

1528
Adyrna.kz Telegram
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

Қостанай облысындағы Арқалық ет комбинаты киік етін консервілеп шығара бастады. Бұл туралы Qazaqstan ұлттық арнасы жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақпаратқа сәйкес, бір айға жуық уақытта кәсіпорын ауланған 500 ақбөкенді қабылдаған. Бұл жоспарланған көлемнің алтыдан бір бөлігі ғана. Келісім шарт бойынша ет комбинатына қарашаның аяғына дейін үш мың киік өткізілуі тиіс. Өндіріске жіберілер алдында әрқайсының еті зертханалық тексерістен өтеді. Мамандардың айтуынша, өнімнің бұл түріне қазір сұраныс жоғары.

Автоклавқа келіп түседі. Осының ішінде піседі. Бәрі автоматтандырылған жүйеде. Бір сағатта піседі. 120 градуста қайнайды. Осының ішінде, стерелизация, охлождение бәрі осының ішінде болады, - деді консервілеу цехының шебері Серікболсын Оспанов.

Пікірлер