Еңбек министрлігі Қазақстанда қанша босқын барын айтты

1327
Adyrna.kz Telegram
Сурет: qazaqtimes.com
Сурет: qazaqtimes.com

Қазақстанда 5 елден келген 325 босқын тұрады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Республика аумағын паналаған барлық шетелдік Қазақстанның босқындарға қатысты халықаралық қоғамдастық алдындағы міндеттемелеріне сәйкес мемлекет тарапынан қорғаумен және қолдаумен қамтамасыз етілген.

«Қазіргі уақытта республикада Ауғанстан, Украина, Өзбекстан, Сирия және ҚХР-дан келген 325 босқын тұрады. Олар елден шығарылмау бойынша қорғалған»,—делінген хабарламада.

Пікірлер