Алматыда мектеп бухгалтері 46 млн теңге жымқырғаны айтылды

2045
Adyrna.kz Telegram

Алматы қаласында мектептің бас бухгалтері 46 млн теңгеден аса бюджет қаражатын жымқырды. Бұл туралы Алматы қаласының прокуратурасы айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Аталған факті бойынша Бостандық ауданының прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады.

«Есепші бір жыл бойы штаттық кестедегі еңбекақыдан көп жалақыны өзінің жеке шоттарына заңсыз аударып келген. Ол өз кінәсін толық мойындады»,—делінген хабарламада.

Бухгалтердің кінәсі толық дәлелденсе 7 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Оған Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы (сеніп тапсырылған мүлікті иемдену және ысырап ету) бойынша материалдық-жауапты лауазымдарды атқару құқығынан 5 жылға және бас бостандығынан 7 жылға айыру жазасы қарастырылған.

Пікірлер