Ғылымды насихаттау: білім мен инновацияға жол

1323
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысы Қасым-Жоарт Тоқаев биыл сәуір айында өткен Ғылым және технологиялар жөніндегі Ұлттық кеңесің алғашқы отырысында еліміздің ғылыми-техникалық саясатының алдағы басымдықтарын айқындап, қай кезде де білім – дамудың басты кілті екенін айтқан болатын.

«Адамзат тарихындағы жетістіктің барлығы – білімнің жемісі. Әсіресе, қазіргі озық технология дәуірінде ғылымсыз алға басу мүмкін емес. Сондықтан мен ғылымды дамыту ісіне айрықша мән беріп отырмын. Осы өзекті мәселе бойынша сайлау алдындағы бағдарламада арнайы өз пікірімді айттым. Себебі ғылымды дамыту – мемлекет саясатындағы ең маңызды бағыттарының бірі. Өкінішке қарай, елімізде ұзақ жыл бойы оған баса назар аударылған жоқ. Соған байланысты шешімін таппай жатқан мәселелер аз емес. Тіпті, бұл сала артта қалды деуге болады. Біз өркениетті ел боламыз десек, осы олқылықтың орнын толтыруымыз керек», – деген еді жиында Президент.

Иә, өркениетті қоғамды құру үшін ғылым мен білімге көп күш салыну керек. Ал ғылымды насихаттау үшін не істеу қажет?

Ғылымның насихатталуы іргелі білімнің кеңеюін қамтамасыз етіп қана қоймай, технологиялық инновацияларды ынталандыра отырып, қоғамның дамуында шешуші рөл атқарады. Сондықтан ғылыми прогресті ілгерілетудің тиімді әдістері мен стратегияларына тоқталып, аспектілерімен бөліспекпіз. 

Ғылымның дамуы академиялық, ғылыми-зерттеу және қоғамдық саланы қамтитын бірнеше негізгі аспектілерді қамтиды.

Оның алғашқысы – академиялық сала. Ол үшін конференцияларға белсенді қатысу, рецензияланатын журналдардағы жарияланымдар және академиялық желілерді қалыптастыру жаңа зерттеулердің таралуына ықпал етеді. Халықаралық ынтымақтастықтың құрылуы ғалымдар арасында білім мен тәжірибе алмасуға да әсері болмақ. Бқл елімізде қарқынды дамып келе жатыр. Өйткені, ғылыми институттар, жоғары оқу орындары ғылыми мақала жариялап, шетелден тәжірибе жинап тұрады.

Екіншісі, зерттеу қызметі. Оның табысты болуында ғылыми зерттеулерді қаржыландыру мен қолдау басты рөл атқарады. Маңызды мәселелерге назар аудару және қолдау бағдарламаларын құру жаңа технологиялар мен жаңалықтарды дамытуға ықпал етеді.

Ғылымды қаржыландыру мәселесі туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы 5 жылда ғылымға бөлінетін қаржының 60 пайызға өскенін айтқан болатын. Сондай-ақ, ғылыми мекемелер жаңғырып, әлемдік тәжірибесі мол ғылыми орталықтардан тәжірибеден өткен мамандар саны көбейіп жатқанына тоқтала өтті.

Одан бөлек, қаражаттың басым бөлігі, яғни 82 пайызы іргелі және қолданбалы ғылымға жұмсалып, қалған 18 пайызы тәжірибелік-конструктивті зерттеулерге бөлінетінін атады. Бқл арқылы жастардың ғылымға қызығушылығын арттырмақ.

Үшінші, ғылымды танымал ету. Ғылыми білімді кеңінен насихаттау қоғамда ғылымға деген қызығушылықтың қалыптасуына ықпал етеді. Ғылым фестивальдерін, лекцияларды өткізу және қолжетімді білім беру ресурстарын құру ғылым мен жалпы жұртшылық арасындағы кедергілерді жоюға көмектеседі.

Төртінші, технологиялық прогресс. Ғылымның дамуы техниканың дамуымен де байланысты. Инновацияларға инвестиция, стартаптарды қолдау және технологиялық орталықтарды құру ғылыми жаңалықтарды нақты технологияларға айналдыруға көмектеседі. Аталған жиында Мемлекет басшысы ғылымның дамуы үшін ғылыми-зерттеу институттарын жаңартып, оларды толықтай қаржыландыру қажет екенін айтқан еді. Содай-ақ, нақты тапсырмалармен бөлісті.

Бесінші, білім. Білім беру жүйесін жетілдіру, оқытудың заманауи әдістерін енгізу және ғылымға оқуға деген қызығушылықты ояту бағдарламаларын әзірлеу ғылыми білімді ілгерілетудің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Биыл қыркүйек айында Қазақстан Республикасының Премьер-миистрі Әлихан Смайыловтың төрағалымен Жоғары ғылыми-техникалық комиссия өткен болатын. Онда ғылымды дамытудың 2024-2026 жылдарғы арналған басым бағыттарын айқындап, инфрақұрылымды дамыту жұмыстарын жалғастыруды қарастырды. Осы арқылы алдағы уақытта ғылымның дамуын ілгерілетуі жоспарда бар екенін айта өткен еді.

Алтыншы, этикалық ойлар. Ғылыми зерттеулерде этикалық стандарттарды белгілеу және қолдану ғылыми қоғамдастыққа қоғамдық сенімді қалыптастыру үшін маңызды.

Міне, осы алты аспекті ғылымды насихаттап, оның дамуына үлесін қосады. Ғылым кеңінен насихатталған қоғам серпінді бола түседі және интеллектуалдық, технологиялық және әлеуметтік дамуға ықпал етеді.

Ғалымдар мен инновациялық жобалар үшін қолайлы жағдайлар тұрақты ғылыми прогреске және күрделі мәселелерді шешуге ықпал етеді. Ғылым ілгерілеуінің осы аспектілері білімнің дамуы мен инновациялық қоғамның қалыптасуына тұрақты негіз жасайды.

Пікірлер