Қажылық үшін қаржы жиған күдікті ұсталды

1412
Adyrna.kz Telegram
Фото: azan.kz
Фото: azan.kz

Қажылыққа жиналған қазақстандықтарды алдаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі. Бұл туралы «Адырна» ұлттық порталы жазады.

«Ішкі істер министрлігінің Тергеу департаменті қажылық туризмін ұйымдастыру саласындағы алаяқтыққа қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесі бойынша «Zam Zam Qazaqstan» ЖШС туристік компаниясының басшысы Сауд Арабиясына қажылықты заңсыз ұйымдастырғаны әшкереленді. Сауд Арабиясы Корольдігінің мемлекеттік мекемесінің ресми сайтына ұқсас қажыларға берілген қажылық визасының заңдылығын растайтын веб-сайт жасалғаны анықталды. 22 қарашада соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды», - деп хабарлады сенбі күні ІІМ.

Ведомствода атап өткендей, сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер