8 депутат қарсы болған. Туды өзгерту туралы заң қабылданды

1053
Adyrna.kz Telegram
Фото: shutterstock
Фото: shutterstock

Қырғызстан парламенті мемлекеттік туды өзгерту туралы заң жобасын бірінші оқылымда қабылдады. Бұл туралы Жогорку Кенеш отырысында белгілі болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақпаратқа сәйкес, 80 депутат қатысып, 66 депутат қолдап, 8 депутат қарсы болған.

Осылайша, парламентшілер заң жобасын бірінші оқылымда қолдады.

Еске салайық, бұған дейін қырғыз қоғамында мемлекеттік рәміздерді өзгертуге байланысты қызу пікір талас жүріп жатқанын жариялаған едік.

Пікірлер