Алматы шаһарында ЖӨӨ ШОБ үлесі 60 пайызды құрады

840
Adyrna.kz Telegram
exclusive.kz
exclusive.kz

Алматы қаласында жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 15,5%-ға өсті. Қала экономикасы басқармасының мәліметінше, аталған көрсеткіш бойынша Алматы қаласы елімізде көш бастап тұр, деп хабарлайды «Адырна тілшісі».

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінде жұмыспен қамтылғандар саны биыл 1 тоқсанында 21%-ға, яғни 871,9 мың адамға дейін өсті. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері осы жылдың 1 тоқсанында 14,1% өсіммен өнім шығарды, бұл 3 884,7 млрд теңге. Жетісу ауданында өнім шығару 6,3% төмендеген, ал барлық басқа ауданда өсім байқалады», - деп хабарлады кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы.
Шағын бизнес қызметін жандандыру үшін Almaty Business аясында басым салаларды қолдаудың жаңа құралдары әзірленді.
2023 жылы ШОБ-тың ЖӨӨ-ге салымын 60%-ға дейін артады деп болжанып отыр. Былтыр бұл көрсеткіш 57,8% болды, деп қорытындылады қалалық әкімдік өкілі.

Жалпы, мегаполистің 2023 жылдың тамызында іскерлік белсенділік индексі 55,2% -ды құраған.

Пікірлер