Профильден – әйнекке дейін. Алматыдағы өндірістің әлеуеті орасан

959
Adyrna.kz Telegram
alumsystem.ru
alumsystem.ru

Елімізде ПВХ өнімдерін өндіру бойынша жетекші компаниялар жетерлік. Соның бірі Алматы шаһарында орналасқан. «Комбинат Светопрозрачных Конструкций» деп аталатын жауапкершілігі шектеулі серіктестік екі жылдың ішінде құрылыс нарығындағы іргелі компанияға айналған, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Компания құрылғанына екі жыл уақыт болғанына қарамастан құрылыс нарығындағы жетекші компаниялардың біріне айналған. Біздің зауыттың бірегейлігі сол, бір «шаңырақ» астында төрт түрлі өнім шығарады. Мұнда профиль жасаудан бастап әйнекке дейін кез келген күрделіліктегі витраждар, терезе және есік жүйелерін жасаудың үздіксіз процесі жүреді. Сенімді жеткізушілер арқылы шыны аламыз. Мәселен, әл-Фараби даңғылындағы жаңа «Almaty Theatre» құрылысына біздің зауыттың өнімдері пайдаланылған. Халық тұтынатын тауарларға қашан да сұраныс бар. Қазір заманауи үлгідегі түрлі ғимараттар да, жеке тұрғын үйлер де көз ілеспес жылдамдықпен салынып, бой көтеруде. Біз соларға металл пластиктен кез келген күрделіліктегі витраждар, терезе және есік жүйелерін өндіру және орнату бойынша жұмыстарды орындаймыз», – дейді зауыт технологы Дмитрий Кулаков.
«Center Leasing» ЖШС арқылы өз қызметін кеңейту үшін компания Кәсіпкерлікті дамытудың 2021–2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы бойынша инвестицияға қаржы алған. Бағдарлама шарттарына сәйкес сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігі жылдық 21,75%-дың 13,75%-ын құрайды. «Комбинат Светопрозрачных Конструкций» ЖШС қолдау аясында жаңа жұмыс орындарын ашқан.

Пікірлер