Білім беру саласындағы бұрын-соңды болмаған жүйе...

4611
Adyrna.kz Telegram

Күні кеше Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті оң жаңалықпен бөлісті. Естігендер еміреніп, оқығандар оң десті. Себебі бұған дейін білім беру саласында мұндай жүйе болмаған көрінеді. Ол бойынша биылдан бастап білім беру ұйымдарының тізімі автоматты түрде түзіледі. Осы күнге дейін қағаз жүзінде жасалып келген екен.

Жақсы хабар жерде жатпайды ғой. Аталмыш жүйе өң бойына бірталай ақпараттық жүйені жинақтаған. Айталық, NOBD (Ұлттық білім беру деректер қоры деп те аталады) – білім беру саласындағы алғашқы деректерді жинау және өңдеу үшін қолданылатын автоматтандырылған жүйесі, Электрондық лицензиялау (e-license деп те аталады) – еліміздің электрондық үкімет жобасын дамыту аясындағы лицензиялайтын жүйесі және NTC деректер базасы.

Дәл осы жаңашыл автоматтандырылған жүйе арқылы білім беру ұйымдары іріктеледі. Яғни, талапқа сайы тізімге түседі, сай емесі, алынып тасталады. Олар белгілі критерийлер бойынша, сапалық және стандарттық, материалдық және техникалық, қызмет қағидалары негізінде анықталады.

Биылдың өзінде білім беру саласындағы 2 692 ұйым тәуекелдің төңірегіне түсіп қалған. Оның 1 446-сы – балабақша болса, қалған 1 149-ы – мектеп, тағы 97 колледж бар. Дәлірек айтқанда, аталған білім беру ұйымдары сапалық сынына іліккен. Енді бұл ұйымдарды еліміздің Оқу-ағарту министрлігі, Ұлттық экономика министрлігі, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі толықтай қайта бақылаудан өткізеді. Мұның өзі білім беру ұйымдарының жауапкершілігін арттыратыны сөзсіз. Ал автоматтандырылған жүйе арқылы түзілген білім беру ұйымдарының тізімі алдағы 25 желтоқсан күні жарияланады.Білім беру саласындағы бұрын-соңды болмаған жүйе...

Күні кеше Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті оң жаңалықпен бөлісті. Естігендер еміреніп, оқығандар оң десті. Себебі бұған дейін білім беру саласында мұндай жүйе болмаған көрінеді. Ол бойынша биылдан бастап білім беру ұйымдарының тізімі автоматты түрде түзіледі. Осы күнге дейін қағаз жүзінде жасалып келген екен.

Жақсы хабар жерде жатпайды ғой. Аталмыш жүйе өң бойына бірталай ақпараттық жүйені жинақтаған. Айталық, NOBD (Ұлттық білім беру деректер қоры деп те аталады) – білім беру саласындағы алғашқы деректерді жинау және өңдеу үшін қолданылатын автоматтандырылған жүйесі, Электрондық лицензиялау (e-license деп те аталады) – еліміздің электрондық үкімет жобасын дамыту аясындағы лицензиялайтын жүйесі және NTC деректер базасы.

Дәл осы жаңашыл автоматтандырылған жүйе арқылы білім беру ұйымдары іріктеледі. Яғни, талапқа сайы тізімге түседі, сай емесі, алынып тасталады. Олар белгілі критерийлер бойынша, сапалық және стандарттық, материалдық және техникалық, қызмет қағидалары негізінде анықталады.

Биылдың өзінде білім беру саласындағы 2 692 ұйым тәуекелдің төңірегіне түсіп қалған. Оның 1 446-сы – балабақша болса, қалған 1 149-ы – мектеп, тағы 97 колледж бар. Дәлірек айтқанда, аталған білім беру ұйымдары сапалық сынына іліккен. Енді бұл ұйымдарды еліміздің Оқу-ағарту министрлігі, Ұлттық экономика министрлігі, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі толықтай қайта бақылаудан өткізеді. Мұның өзі білім беру ұйымдарының жауапкершілігін арттыратыны сөзсіз. Ал автоматтандырылған жүйе арқылы түзілген білім беру ұйымдарының тізімі алдағы 25 желтоқсан күні жарияланады.

Пікірлер