Жамбылдың жастары жасампаз

2065
Adyrna.kz Telegram

Биылғы 2019 жыл – Жастар жылы деп жариялануына байланысты Тараз қаласындағы ТарМу-де бірқатар іс-шаралар жүзеге асуда. Жастар – кез келген мемлекеттің ең белсенді бөлігі, қоғамның қозғаушы күші. Сондықтан, ел тілегі, болашақтың тірегі жастар екені әстен шығармаған дұрыс. Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру жолында жастардың атқаратын рөлі зор.

Жастарды түрлі саладағы қызметтермен қамту мәселесі бойынша әртүрлі бағдарламалар жүзеге асуда. Жастар – ұлт болашағы. Жастарға біз сенеміз. Өңірлерде жастарды дамытуға арналған орталықтар, еріктілер ұйымы құрылып жатыр. ТарМУ-нің жанынан құрылған құрылыс жасақтары да білімгерлерді еңбекқорлыққа, халық әлеуметіне қызмет жасауға шақырады. Сондай-ақ «Су шаруашылығы, экология және құрылыс» факультеті аясында ұйымдастырылып отырған жазғы мамандандырылған мектептер де өз ортасын толтыруда. Осы орайда «Биология» мамандығынан қызуғушылық танытып, ат салысып жүрген білімгерлер аз емес. Әрине ол кафедраға, факультетке және мамандыққа қызығушылық таныту деп білеміз. Барлық жастарды ТарМу-нің «Су шаруашылығы, экология және құрылыс» факультеті «Биология» кафедрасы қарамағында ұйымдастырылып отырған жазғы іс-шараларға қатысуға шақырамыз.

 

Пікірлер