Тараз қаласының көшесінде үш жасар бала табылды Таразда үш жастағы ұл баланың отбасы іздестірілуде.

2411
Adyrna.kz Telegram

Бала осыдан үш күн бұрын қала көшелерінің бірінен табылған. Бала әлі сөйлей де алмайды. Бейімдеу орталығындағы баланы анасы Алматыдан әкеліп тастаған, - деп хабарлайды «КТК телеарнасының сайты».

Бала өзін Әлихан, ал анасын Алтынай деп таныстырған. Баланың айтуынша, екеуі Таразға келген, анасы баласын тастап кетіп қалған көрінеді. Әкесі жок, Таразда әжесі тұрады, бірақ Әлихан оны көрген де емес, тіпті есімінде білмейді. Жоғалған бала туралы әлі ешқандай арыз келіп түспеген. Егерде барылығы жоғарыды айтылғандай болса, онда баланың ата-анасын жаза күтіп тұр.

- Біз Әлиханның ата-анасын табу үшін барлық шараларды жасаймыз. Тапқан бойда, не себепті баланың көшеде қалғандығы жайында әкімішілік және қылмыстық жауапкершілік туралы сұрақтарға жауап іздестіреміз деді, - Жамбыл облысы прокурорының аға көмекшісі Ермек Қуанышев.

Пікірлер